• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №164

355 рет
көрсетілді

«Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қаулы етемін: 1. «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №28, 424-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық ма­ңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент­тері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкі­леттігін тоқтату және қызметтен босату қа­ғи­даларында: 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Әкімдікке кандидаттар ұсынуды аудан (қала) әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысымен келіскеннен кейін балама негізде (яғни әкім лауазымына кемінде екі кандидат) жүзеге асырады. Жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы сайлауды тағайындаған сәттен бастап жүргізілуі мүмкін.»; мынадай мазмұндағы 61-1-тармақпен толық­тырылсын: «61-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысы әкімді қызметтен босату туралы мәселеге бастамашылық жасай алады.». 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президентi Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 11 қаңтар №164